БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Агробизнес және сервис колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері бос лауазымына тұрақты жұмысқа орналасу үшін конкурс жариялайды.
Индексі: 020300, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астраханка ауылы, Абылай хан көшесі, 1.
Анықтама үшін телефон: 8-716-41-2-24-91
E-mail: atk6@yandex.kz
Өндірістік оқыту шебері
Лауазымдық міндеттері:
- Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді; сабақтарға қажетті жабдықтар мен тиісті құрал-жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді; еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын, білім алушылардың еңбектің озық әдістерін, заманауи техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдықтарға қызмет көрсету мен оларды пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды үнемді жұмсауды қамтамасыз етеді; білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды; өндірістік оқыту мен кәсіптік практика бойынша жоспарлау, есепке алу және есептілік құжаттамасын, топтағы тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу құжаттарын жүргізеді; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді; оқу шеберханаларын жабдықтармен, құралдармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды; технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, үлгілерді дайындайды; оқу процесінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені пайдаланады; білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды; қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар жүргізеді.
- Әдістемелік комиссиялар мен бірлестіктердің жұмысына қатысады.
- Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді.
- Сабақтарға жабдықтарды, құралдарды, материалдарды және жұмыс орнын дайындайды, олардың заманауи техникалық жағдайын қамтамасыз етеді.
- Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді, қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне оқытады.
- Өндірістік оқыту мен кәсіптік практика бойынша жоспарлау, есепке алу және есептілік құжаттамасын, оның ішінде электрондық журналдарды жүргізеді.
- Оқу шеберханаларын заманауи жабдықтармен, құралдармен, материалдармен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
- Технологиялық құжаттаманы, нұсқаулық-технологиялық карталарды әзірлейді, жұмыста озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені пайдаланады.
- Білім алушылардың еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды.
- Демонстрациялық емтиханға, біліктілікті тәуелсіз бағалауға және қорытынды аттестаттауға қатысады, практика бойынша құжаттарды дайындауға және тапсыруға қатысады.
- Кәсіби бағыттағы колледішілік іс-шараларды (Кәсіптер күндері, кәсіби шеберлік байқаулары, мамандықтар апталығы, шеберлік сыныптары, студенттердің жұмыстары көрмелері және т.б.) ұйымдастырады және өткізеді.
- Бекітілген кестеге сәйкес колледжде және жатақханада кезекшілікті жүзеге асырады.
- Ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылау, тәрбие жұмысын жүргізу және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында колледж жатақханасына барады.
- Үлгерімі төмен және артта қалған студенттермен жүйелі түрде жұмыс жүргізеді (жеке сабақтар, қосымша консультациялар, жеке оқу траекторияларын әзірлеу).
- Білім алушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) жұмысқа қатысады: ата-аналар жиналыстарын, жеке консультациялар өткізеді, үлгерімі мен тәртібі туралы ақпарат береді.
- Өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің (циклінің) жұмысына белсенді қатысады.
- Әлеуметтік серіктестермен (жұмыс берушілермен) жұмыс жүргізеді: дуальды оқыту және практика бойынша шарттарды жасасу және сүйемелдеу, көшпелі сабақтарды ұйымдастыру, мамандарды қонақ дәрістер мен шеберлік сыныптарына шақыру.
- Кәсіби шеберлік байқауларына қатысушы, сарапшы, жаттықтырушы немесе ұйымдастырушы ретінде қатысады.
- Студенттер арасында WorldSkills, «Абилимпикс», JuniorSkills байқауларын топішілік және өңірлік деңгейде дайындайды және өткізеді.
- Кәсіби құзыреттерді өзектендіру мақсатында әлеуметтік серіктестер — кәсіпорындар базасында кемінде үш жылда бір рет тағылымдамадан өтеді.
- Топ студенттерін WorldSkills, «Абилимпикс», JuniorSkills стандарттары бойынша кәсіби шеберлік байқауларына қатысуға дайындайды және оларды колледішілік және өңірлік деңгейлерде өткізеді, жоғары нәтижелерге (жүлделі орындарға, чемпионаттар стандарттары деңгейінде кәсіби құзыреттерді көрсетуге) қол жеткізу мақсатында қатысушыларды мақсатты, жүйелі және нәтижелі даярлауды қамтамасыз етеді; қатысушыларды іріктеуді, тапсырмаларды әзірлеуді, демонстрациялық алаңдарды құруды, құзыреттерді бағалауды ұйымдастырады; аталған байқауларға сарапшы, жаттықтырушы немесе ұйымдастырушы ретінде қатысады.
- Әдістемелік құралдарды, нұсқаулық және технологиялық карталарды, жұмыс дәптерлерін әзірлейді және жаңартады.
- Өндірістік оқыту және өндірістік практика бойынша авторлық бағдарламаларды әзірлейді.
- Озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені жинақтайды және таратады (жарияланымдар, ашық сабақтар, әдістемелік бірлестіктердегі баяндамалар, семинарлар).
- Колледждің оқу-бағдарламалық құжаттамасын әзірлеуге және сараптауға қатысады.
- Оқу зертханалары мен шеберханаларын тиісті жағдайда ұстау бойынша жұмыстарды жүргізеді, тиісті құжаттаманы (түгендеу актілері, жабдықтарды тексеру журналдары, шеберханалар мен зертханалардың паспорттары) жүргізеді.
- Оқу зертханалары мен шеберханаларында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді (нұсқамалар жүргізу, бастапқы өрт сөндіру құралдарының, эвакуациялық шығу жолдарының болуы мен жарамдылығын тексеру, өртке қарсы жағдай журналдарын жүргізу).
- Өндірістік практика базаларына бару кестесін жасайды, оны колледж басшылығымен және әлеуметтік серіктестермен келіседі.
- Студенттер практикадан өту кезеңінде өндірістік практика базаларына уақтылы барып, практиканың ұйымдастырылу сапасын, қауіпсіздік техникасының сақталуын, практика бағдарламасының орындалуын бақылайды, студенттерге және кәсіпорын тарапынан практика жетекшілеріне консультация береді, туындаған мәселелерді шешеді.
- Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді; оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін; өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша оқу бағдарламаларын; өндіріс технологиясын, жабдықтарды, техниканы және оларды техникалық пайдалану қағидаларын; педагогика, психология, білім алушыларды кәсіптік оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің негіздерін; педагогикалық әдеп нормаларын; еңбек заңнамасын; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын; колледішілік іс-шаралар мен кәсіби шеберлік байқауларын ұйымдастыру және өткізу тәртібін; жатақхананың ішкі тәртіп қағидаларын және онда тұратын білім алушыларға бақылау жүргізу тәртібін; үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жүргізу және оқытуды дараландыру әдістемесін; педагог қызметкерлердің кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру тәртібін.
- Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе еңбек өтіліне талап қойылмайтын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім; немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін мамандығы бойынша кемінде 5 жыл еңбек өтілі; немесе орта және жоғары деңгейдегі біліктілігі болған жағдайда: педагог-модератор үшін мамандығы бойынша кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.
- Бейінді кәсіпорында кемінде үш жылда бір рет тағылымдамадан өтуі қажет (анықтамамен/актімен расталады).
- Әзірленген және бекітілген әдістемелік материалдардың болуы (3 жыл ішінде кемінде 2–3 материал).
- Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
- 1) «Педагог»: білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі; білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және әлеуметтенуіне ықпал етуі; білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысуы; білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыруы; кәсіби-педагогикалық диалог жүргізу дағдыларын меңгеруі, цифрлық білім беру ресурстарын қолдануы тиіс.
- 2) «Педагог-модератор»: «Педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалануы; білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибесін жинақтауы; білім беру ұйымы деңгейіндегі олимпиадаларға, байқауларға, жарыстарға қатысушылары болуы тиіс.
- 3) «Педагог-сарапшы»: «Педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеруі; тәлімгерлікті жүзеге асыруы және өзінің және әріптестерінің кәсіби дамуының басым бағыттарын айқындауы; аудан/қала деңгейінде тәжірибесін жинақтауы; аудан/қала деңгейіндегі олимпиадаларға, байқауларға, жарыстарға қатысушылары болуы тиіс.
- 4) «Педагог-зерттеуші»: «Педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеруі; білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі; тәлімгерлікті жүзеге асыруы және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықтың даму стратегияларын айқындауы; облыс/республикалық маңызы бар қалалар мен астана, республика деңгейінде тәжірибесін жинақтауы; тиісті деңгейдегі олимпиадаларға, байқауларға, жарыстарға қатысушыларды дайындауы тиіс.
- 5) «Педагог-шебер»: «Педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламасының болуы; немесе уәкілетті білім беру органы бекіткен не Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер және оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болуы; немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі сарапшылар құрамына кіруі; немесе WorldSkills чемпионаттарының (кәсіби шеберлік байқауы) сарапшысы болуы; немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болуы; ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі; тәлімгерлікті жүзеге асыруы және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамыту жоспарларын құруы; республикалық және халықаралық байқаулар мен олимпиадаларға қатысушы болуы немесе республикалық және халықаралық байқаулар мен олимпиадаларға қатысушыларды дайындауы тиіс.